#Жаңа Қазақстан

Экохакатон ұйымдастырды

Астанада күн сайын 50 мың полиэтилен өнімі қоқысқа кетеді. Бұл Жасылдар партиясының ұйымдастыруымен өткен Экохакатонның басты мәселесі ретінде айтылды. Оған қатысушылар жабық қоқыс жәшігін орнатуды ұсынды.

Студенттермен кездесу барысында партия мүшесі және экобелсенді Мирас Аббасов саналы тұтынуға көшудің маңыздылығын атап өтті.

– Қазіргі күні әлемді маркетолог мамандар билеп, өз тауарларын ұсынады. Ал біз өз кезегімізде нақтылай заттардың қаншалықты қажеті бар екенін санамыздан өткізуіміз керек. Мысалы, бір джинсы шалбар шығару сегіз мың литр суды қажет етеді және оған басқа да ресурстар қажет. Сондықтан әр затты алмас бұрын ой таразысынан өткізу керек, – деді ол.

Астана қаласында әзірге бір ғана қоқыс өңдейтін зауыт бар. Екіншісі әзірге тек жоспарда. Қала көшелерін ұшып жүрген пакеттер мен шашылып жатқан пластикалық бөтелкелерден тазарту үшін Экохакатон қатысушылары жабық қоқыс жәшігін орнатуды ұсынды. Студенттерді мазалайтын экологиялық мәселелер – Есіл өзенінің ластануы мен Талдыкөл мәселесі. Олар өздері сияқты жастарды табиғатты аялауға шақыру үшін қала тұрғындарының экобелсенділігін арттыру үшін сенбіліктердің форматын өзгертіп, экоквест, марафон сияқты қызықты іс-шараларды өткізуді ұсынды.

«Baytaq» партиясының жасыл экономика бойынша хатшысы Шыңғыс Лепсібаев партияның Астана аумағында ғана емес, Қазақстан бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың жоспарымен бөлісті. Байтақтар көгалдандыру мен ТҚШ салаларында жаңа тәсілдерді қолдайды. Бар болғаны төрт жыл көлемінде партия мүшелері халықаралық стандартқа сәйкес келетін қала көрінісін көгалдандыруды жоспарлап отыр. Экохакатонда айтылған барлық ұсыныстар партияның жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button