Құқық

Экологияға – қауіп, қалтаға – салмақ

Алматы ауданы аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында және оны белгіленбеген орындарға төгуді болдырмау үшін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.

[smartslider3 slider=1378]

Осы жылдың басынан бері 80-нен астам көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шара қолданылып, 2,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар біздің экологиямызға қауіп төндіреді. Құрметті тұрғындар! Әрқайсыңыздан саналы болуды, рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастамауды және жауапкершілікті ұмытпауды сұраймыз» делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button