Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТАДЫ

ZAH_9091

Кеше Астана қалалық мәслихатының мәжіліс залында экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі сессия отырысы болды.

Қалалық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясына Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, елордалық аудан әкімдері, кәсіпорын басшылары, парламент пен сенат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов жүргізіп отырды. Қала әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхаметов «Астана қаласы әкімдігінің экологиялық қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Баяндамашының айтуы бойынша, 2014 жылы атмосфералық ауадағы қоқыс мөлшері 165 мың тоннаға дейін жеткен. Ал оның жартысынан көбі (55,6%) автокөлік құралдарынан шықса, қалған бөлігі ЖЭО және басқа да кәсіпорындар
тиесілі. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың нау­рыз айынан бастап қоқыстарды бөлек жинаудың қанатқақты жобасы жүзеге асырыла бастаған.
Сондай-ақ, бұдан да басқа мәселелер талқылауға түсіп, жауапты тұлғаларға сын-ескертпелер айтылды. Қалалық мәслихаттың сессиясында айтылған ұсыныстар мен пікірлер бойынша бірауыздан шешім қабылданды.

Күнайым СӘКЕН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button