Ел тынысы

Экологиялық авиаотын өндіретін зауыт салынады

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы экологиялық авиациялық отын (SAF – Sustainable Aviation Fuel) өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу туралы келісімді «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, америкалық LanzaJet, Inc. компаниясы және елдегі ірі агроөнеркәсіптік холдингтердің бірі – «KazFoodProducts» ЖШС жасасты.

Компанияда нақтылағандай, өткен жылы алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме (pre-FEED) кезеңі сәтті аяқталған. Негіздеме жыл соңына дейін дайын болады деп жоспарланған.

– Жобаны жүзеге асыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды дамыған транзиттік әлеуеті бар халықаралық авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында ерекше мәнге ие, – делінген хабарламада.

Келісімге қол қоймас бұрын биыл наурызда АҚШ-та Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен LanzaJet компаниясының бас директоры Джимми Самарцис арасында кездесу өтіп, онда SAF өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Техникалық-экономикалық негіздемені дайындау кезінде тараптар зауытты орналастыру үшін оңтайлы өңірді таңдау, өндіріс көлемдерін анықтау және инвестициялық шешім қабылдауға қажетті басқа да маңызды параметрлерді қоса алғанда кешенді талдау жүргізеді.

SAF – әлемдік авиация саласында стандартты Jet A-1 авиаотынына экологиялық қоспа ретінде қолданылады және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға ықпал етеді. ҚазМұнайГаз-дың үш мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдан бастап Jet A-1 өндіруге дайын. Қолданыстағы ТС-1 авиаотын стандартынан Jet A-1-ге көшу Қазақстан әуежайларындағы отын құю инфрақұрылымын жаңғыртумен қатар жүріп жатыр.

Сондай-ақ ұлттық компанияның мәліметінше, аталған ауқымды жоба елді Париж келісімі аясындағы көміртегі бейтараптығына жақындатады және жетекші халықаралық әуе тасымалдаушылары мен жүк компанияларын тартуға мүмкіндік ашады.

Еске сала кетсек, былтыр елімізде авиаотын тапшылығын шешу үшін бірыңғай оператор құрылатыны айтылған еді.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-ekologiyalik-aviaotin-ondretn-zauit-salinadi-d8605c/

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button