Ел тынысы

Экологиялық мәдениетке арналған әлеуметтік эксперимент

Астанада «Жасырын камера: халықтың экологиялық мәдениеті» атты әлеуметтік роликтің түсірілімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұйымдастырушылар әлеуметтік эксперимент арқылы елорда тұрғындарының экологиялық мәдениетін және қоршаған ортаның тазалығына қаншалықты қамқорлық жасайтынын анықтады.

Ұйымдастырушылар «Бәйтерек» монументінің жанына бөтелкелер, қағаз және басқа да қоқысты шашып тастайды. Түсірілім тобы өтіп бара жатқан адамдардың жерде жатқан қоқыстарды жинап, арнайы жәшіктерге салғанын бақылап отырады.

Әлеуметтік эксперимент жасырын камера арқылы түсірілді. Түсірілім барысында астаналықтар мен қала қонақтары қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамайтынын айнықталды. Өтіп бара жатқандардың барлығы шашылған қоқысты жинап, жәшікке тастайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.

Ауқымды экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жүріп жатыр.

Бұл ретте жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою және т.б.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button