Елорда тынысы

Экологиялық мәселелер талқыланды

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалында партия жанындағы аймақтық экологиялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері 2021 жылғы экология және қоршаған ортаны қорғау бағытында Жол картасын іске асыру бойынша қорытынды есепті және кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

[smartslider3 slider=1543]

Қоянды және Астана су қоймаларындағы балықтарды оттегімен қанықтыру және олардың жойылуына жол бермеу мақсатында жыл сайын қысқы уақытта аэрациялық іс-шаралар өткізіледі. Бір уақытта бірнеше учаскеде 16 мотопомпа іске қосылды, жұмыс кезеңінде 86 880 м3 (166 тәулік) су жіберілді. Аталған жұмыстар сапалы орындалуда, жыл сайын елорданың су айдындарында балықтардың қырылу саны азайып, оң нәтиже байқалады, – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.

Сондай-ақ А.Бегімбековтің айтуынша, елордада биыл 1 065 568 дана ағаш отырғызылған. «Жасыл белдеу» аумағында 890 151 дана көшет отырғызылған.

Нұр-Сұлтан қаласы экологиялық кеңесі төрағасының орынбасары Шасалим Шагалимов Сарыбұлақ және Ақбұлақ өзендерінің жағалау белдеуін абаттандыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ қажет болған жағдайда орындарын ауыстыра отырып, үйінділерде 10 мобильді (жасырын) камера орнату мәселесін егжей-тегжейлі қарау қажеттігін атап өтті. Камералар iKOMEK қызметімен және Сергек камераларымен біріктірілуі керек екендігі де айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button