Қоғам

Экономикада тоқырау емес өсім болсын десек АЭС керек

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС атом энергетикасы басқармасының жетекші инженері Асуан Сиябек ел экономикасында тоқырау емес өсім болсын десек, бірінші кезекте энергетика саласын дамыту керек деп санайды. Оның айтуынша, әлемдік ғалымдардың «алда энергия жетіспеушілі болады» деп дабыл қаққаны кеше емес. Бұл қиындыққа Қазақстан дәл қазір тірелмесе де, көп ұзамай тап болады. Сондықтан сол кезді күтіп отырмай, ең тиімді шешім АЭС салуға референдумда дауыс беру керек, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Біз еліміз үшін маңызды оқиға АЭС салу бойынша референдум алдында халыққа атом энергетикасы туралы кең көлемде ақпарат берумен айналысып, атом электр стансасының тиімділігі мен қауіпсіздігін түсіндірдік. Міне, бүгін сол түсіндіру жұмыстарын жүргізудің соңғы күні. Осы аралықта біз қауіпсіз әрі таза энергия көзі АЭС-тің елдің экономикалық тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігіне және сол елде өмір сүріп жатқан барша халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін айттық.

Мұндағы ең басты мақсат  – энергетикалық тәуелділікті жою, қауіпсіз қуат көзін өндіру. Атом электр стансасы бірнеше мыңдаған жылдар  бойы энергия тапшылығынан құтқарады. 2050 жылға қарай барлық әлем елдерінің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт дейін яғни 2 есеге өседі деген болжам бар. Бұл халықаралық агенттіктің ұсынған мәліметі. АЭС – базалық генерацияның ең экологиялық таза түрі. Атом электр станциясынан экология еш зардап шекпейді, ол көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан, одан мүлдем экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық,  1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр станциялары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.

Атом электр стансасын салудағы басты негізгі басымдық пен принциптің бірі – оның қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы. Алдын ала жүргізілген бағалау жұмыстарының нәтижесінде, атом электр станциясын салу және оны пайдалану кезінде Балқаш көлі немесе Ертіс өзенінің экожүйесіне ешқандай қауіптерді анықтаған жоқ. Қолданылған ядролық отынды қазіргі уақытта атом энергетикасы дамыған көптеген елдер қалдық ретінде емес, әлеуетті ресурс ретінде қарастырады. Пайдаланылған отынды қайта өңдеу мен қайта пайдалануды көздейтін жабық ядролық отын циклінің технологиялары енгізілуде. Сондықтан арғы күні елімізде өтетін референдумда азаматтар өз таңдауын жасап, соның барысында АЭС салудың осындай артықшылықтарын ескереді деп сенемін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button