Экономика

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

1270379347_79

Астана – бүкіл Қазақстан жетістігінің стратегия­сы мен тактикасы.  Тәуелсіздік жылдары елорда экономикалық дамудың аса жоғары қарқынын көрсетті, бұл уақыт ішінде жалпы аймақтық өнімнің көлемі 54 есе өсті.

16 жыл ішінде елордада көлемі 12 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды. Астанада Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының негізі қаланып, еліміздің өнеркәсіп саласында көшбасшысы болып отыр.

Бүгінгі күні барлығымыз үшін заманауи Қазақстанның дамуында біздің астананың рөлі орасан екені анық. Бұл туралы сарапшылар да, қарапайым адамдар да айтуда

Астананың экономикалық әлеуетінің үлесі Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 9,5%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Астана елімізде 3-орында тұр. Астана тұрғындарының жан басына шаққанда ІАӨ 26,8 мың АҚШ долларына жетті.

Елорда экономикасының негізін қызмет көрсету және сауда салалары құрайды, 2013 жылдың нәтижесі бойынша олар 87,2%-ды, кәсіпорын саласы бойынша 12,8%-ды көрсетіп отыр.

Соңғы 16 жыл ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1998 жылы 16,5 млрд теңгеден 2013 жылдың қорытындысы бойынша 263,2  млрд теңгеге дейін өсті.

Елордада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді, оның көлемі – Индустриалдық парк пен әкімшілік аумақты қамтығанда 7562,3 га. Қазіргі уақытта Индустриалдық парктің аумағында жалпы инвестиция көлемі 180,4 млрд теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерліктің орта және шағын бизнес салалары қарқынды дамуда, бұл секторларда жұмысқа тартылғандар 2005 жылға қарағанда 1,9 есеге өсіп, 189,3 мың адамды  құрап, шығарылатын өнім көлемі бұл мерзімде 6,2 трлн теңгеге жуықтады. Жыл сайын бұл салада 60%-дан астам жаңа жұмыс орны ашылуда.

Экономика және әлеуметтік-мәдени салаларда шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың кеңеюі  – қаланың қарқынды дамуының басты факторы.

Қазіргі уақытта қалада шетел капиталының қатысуымен 1 355 кәсіпорын жұмыс істейді, 42 бауырлас қалалармен қарым-қатынас орнату туралы келісімдер жасалған.

Экономикалық міндеттерді ойдағыдай шешу қала бюджетінің тұрақты және орнықты орындалуын қамтамасыз етуге ықпал етті. Бүгінгі күні мемлекеттік бюджеттің түсімі 1999 жылдың деңгейінен 18,8 есеге өсіп отыр, оның ішінде республикалық бюджет – 26,9, жергілікті бюджет –  9,4 есеге жоғары.

Тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруын орташа жалақының өсуінен де байқауға болады, 1998 жылмен салыстырғанда ол 12,3 есеге артып, 158 899 теңгені құрады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button