ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

Екпе ал да, саяхатта!

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

[smartslider3 slider=438]

Ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында вакцинаның 1-ші компонентін алғандар автоматты түрде қатысады. Азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшасының тікелей эфирінде өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iphone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация сіздің және жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button