Жаңалықтар

Екпе алған ескерілді

№8 қалалық емхана 50 мыңыншы пациентке екпе салды. Осыған орай емхана екпе алған адамға жеміс-жидек толы себетті сыйға тартты.

[smartslider3 slider=2181]

50 мыңыншы адам вакцинацияның бірінші кезеңіне келген және оған сауатты дайындалған Аңсаған Әубәкірова болды. Оның айтуынша, денсаулығына сәйкес алдымен гормондар мен қан көрсеткіштерін ретке келтіруі қажет болыпты. Аңсаған вакцинацияға әпкесімен бірге келді, ол да алғаш рет екпе алып отыр. Олар белсенді емес «Vero Cell» вакцинасын таңдады.

«Осындай керемет акция ұйымдастырылғаны үшін алғысымды білдіремін. Екпе алуға келіп, құр қол қайтпай, витамин толы сыйлыққа ие болу ерекше сезім екен» деді Аңсаған Әубәкірова.

Дәрігерлер екпе алған адамдарға бетперде тағуды, қол гигиенасын сақтауды ұмытпауы керек екенін еске салады.

COVID-19 екпелерінің тиімділігі 80-90 пайызға дейін құрайды. Әлемде бірде-бір вакцина вирустан 100 пайыз қорғамайды.

«Осыдан кейін не үшін екпе алуым керек деген сауал туындайды. Себебі біріншіден, екпе – алған адамды да, айналасындағы адамдарды да қорғайды. Осылайша ұжымдық иммунитет қалыптасады. Екіншіден, COVID-19 жұқтырған жағдайда екпе алған адам вирусты өзгелерге қарағанда әлдеқайда аз уақыт таратады. Үшіншіден, екпенің толық курсынан өткеннен кейін вирус жұқтырған жағдайда мұрын мен ауыз қуысындағы вирус мөлшері әлдеқайда аз болады. Сондықтан екпе алған адамнан вирус жұқтырған жағдайда инфекцияның аз мөлшерін ғана қабылдайды. Сіздің мұрын қуысыңызда вирус қаншалықты аз болса, өзгелерге инфекция соғұрлым аз жұғады. Вакцинацияға шақырамыз! Осылайша сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғап, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға атсалысасыз» деді емхана дәрігері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button