Жаңалықтар

Екпе алған зейнеткерге – жолдама

Елордада 28 қазан мен 28 желтоқсан аралығында вакцинаның бірінші компонентін алып, коронавирусқа қарсы егілген зейнеткерлер Қазақстан шипажайларына тегін жолдамалар ала алады. Ұтыс ойыны 29 желтоқсанда өтеді.

[smartslider3 slider=1676]

Зейнеткерлер Сарыағаш (Түркістан облысы), Оқжетпес (Ақмола облысы), Мойылды (Павлодар облысы) шипажайларына тегін жолдама алу мүмкіндігіне ие болады. Байқау, әдеттегідей, автоматты режимде өткізіледі. Азаматтарға құжаттарды толтырудың және тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Санаторийге жолдамалардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Коронавирустың жаңа «омикрон» штамының таралуына байланысты шетелде орын алған қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұтыс ойыны 2022 жылдың ақпан айына ауыстырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button