ДенсаулықЖаңалықтар

Екпе алғандарға – шипажайға жолдама

Коронавирусқа қарсы екпе алған елордалық зейнеткерлер арасында санаторийге жолдамалар ойнатылады. Елордалық екпе алған зейнеткерлер  «Сарыағаш» (Түркістан облысы), «Оқжетпес» (Ақмола облысы), «Мойылды» (Павлодар облысы) шипажайларында емделуге мүмкіндік алады.

[smartslider3 slider=483]

Ұтыс ойынына медициналық мекемелерде, сондай-ақ СОО және сауда үйлерінде орналасқан елорданың кез келген вакцинация пунктінде 28 қазан мен 28 желтоқсанды қоса алғанда вакцинаның бірінші компонентін алған зейнеткерлер қатысады.
Санаторийге жолдамалардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында (Facebook, YouTube) тікелей эфирде өтеді. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button