Елорда тынысы

Екпемен сақтану – саналы таңдау

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де шиеленісе түсуде және шаһар «қызыл» аймақта. Тәулігіне ауру жұқтырғаны зертханада тексерілу арқылы расталған 366 адамнан тіркелуде, оның ішінде 270-і симптомды, 96 адам симптомсыз ауырған.

[smartslider3 slider=2041]

Соңғы аптада 4409 дерт жұқтырушы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстыр­ғанда тіркеу саны 3 есе азайды. Дертке шалдыққандарды анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істейді, онда тәулігіне 11 мыңнан астам ПТР зерттеу­лер жүргізіледі. Жылдың басынан бері 282114 зерттеу жүргізілді, соның ішінде 83351 тест оң нәтиже көрсетті.

«Омикрон» штамының басты ерекшелігі – вирустың тез таралуында. Ол қалада анықталған сәттен, яғни қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейін барлығы 83067 жағдай тіркелді, бұл – пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш. Алайда пациенттерді стационарларға жатқызу деңгейі қалыпты» дейді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қазіргі уақытта қала бойынша 1-компонентпен вакцинацияланғандар саны – 502318 адам, 2-компонентпен екпе алғандар – 469602 адам. Ревакцинация қатарына тиесілі адамдардың 69077-сі немесе 28,2 пайызы ғана екпе алды.

«Дертке қарсы иммундау, ең алдымен, отбасының, балалар мен қарт ­ата-аналардың денсаулығы үшін маңызды. Егер айтарлықтай кедергілер болмаса, мүмкіндігінше тезірек вакцинация және ревакцинация алу қажет. Айналаңыздағы адамдардың денсаулығы қамқорлық жасау үшін берілген, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалану – әркімнің таң­дауы» дейді С.Бейсенова.

Вакцинаны бұрынғыдай медициналық ұйымдардың және СОО, СҮ вакцинациялау пункттерінде алуға болады. Вакциналардың бес түрін таңдауға болады: «QazVac», «Спутник V», «Спутник Лайт», «Vero Cell», «Pfizer».

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button