Мәдениет

Экран әуендері әуелейді

Ақпан айынан бастап елорда театрларының жұмысы жанданды. «Астана Опера» театры бүгін және ертең «Экран әуендері» концертін ұсынады. Аталмыш концерт идеясын өнер ошағының дирижері Әлихан Ыдырысов ұсынды.

[smartslider3 slider=1954]

Концерт бағдарламасына «Менің сүйікті де сүйкімді жануарым», «Автокөліктен абайла», «Бөтендерді жатсынбайтын, жақындарының арасында жалғызсырайтын адам», «Розыгрыш», «Д’Артаньян және үш ноян» сынды кеңес заманында түсірілген көркем фильмдердің танымал әуендері орындалады. Сонымен қатар қазақтың киноклассикасына айналған «Қыз Жібек», «Тақиялы періште» туындыларының, «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясының композициялары, «Бремен музыканттары» сияқты белгілі мультфильмдердің әндері шырқалады.

Концертке «Астана Опера» театрының камералық хоры және оркестрі (бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов), солистер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Ардақ Сабыр, Ұлпан Әубәкірова, Елтай Мұстанов, Ерлан Мерекенов, Әлихан Зейнолла, Рамзат Балакишиев, Расул Жармағамбетов, Ержан Саипов, Бақтияр Омаров қатысады. Аспаптық соло – Руслан Баймурзин (домбыра), Думан Орынғалиұлы (туба).

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button