Sport

«ЭКСПО – 2017» КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

DSC_2902

Астанада тұңғыш рет «ЭКСПО-2017» кубогы жолында жасөспірім спортшылар арасында қар үстіндегі футболдан турнир ұйымдастырылды. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен жарысқа балалар және жасөспірімдер спорт мектептері атынан 6 команда қатысып, қатты аязға қарамастан барлығы жеңіске жігерлене ұмтылды.

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесін насихаттауға арналған жарыстың басты мақсаты да елдің болашағы саналатын жастарға нақты бағыт сілтеу болатын. 14-17 жасар жасөспірімдердің арасынан бірінші орынды, яғни, «ЭКСПО-2017» кубогын №8 балалар және жасөспірімдерге арналған спорт мектебі иеленсе, күміс және қола жүлделер «Астана-1964» командасының екі құрамасына берілді. Сайыс соңында жүлдегерлерге медальдар мен 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің құрметіне жасалған арнайы сыйлықтар салтанатты түрде тапсырылды.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының өкілдері бұл турнирді қаладағы балалар мен жасөспірімдер арасында жыл сайын өткізіп тұруға уәде берді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button