Жаңалықтар

ЭКСПО ПАВИЛЬОНДАРЫН ТОЛТЫРАДЫ

Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатын елдер осы жыл­дың соңына қарай көрме аумағындағы павильондарын толтыра бастайды, деп мә­лімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов.

expo2017

«Экспо көрмесі – тәуелсіз Қазақ­станның тарихындағы ең ірі жоба болғандықтан, жауапкершілігі жоғары. Бұл жобаны абыроймен жүзеге асырғымыз келеді. Қазір көрменің дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Көрме аумағының құрылысы да қарқынды. Сондықтан, осы жылдың соңында халықаралық көрмеге қаты­суын растаған мемлекеттердің павильонын өздеріне береміз. Елдер жыл соңынан бастап павильондарын толтыра береді» деді Е.Шорманов.
Сондай-ақ, ол дәл қазіргі сәтте 90 ел мен 15 халық­аралық ірі ұйым Аста­на­­дағы көрмеге қатысатынын рас­та­ған­дығын еске салды. 70 елдің комис­сиар­лары анық­талып, 50 келісімшартқа қол қойылған.
Айта кетейік, 10 маусым күні, яғни, көрменің ашылуы­на тура бір жыл қалғанда көрме билеттері сатылымға түскен болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button