ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЭКСПО және экология

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Жоғарғы технологияларды дамыту» бағыты бойынша сараптамалық топ мүшелері Астана қаласындағы эко­логиялық мәсе­лелердің шешілуі мен  жасыл технологиялардың дамуы жөнінде  отырыс өткізді.

09

«ЕХРО 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елордада жасыл технологияларды дамыту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Жаз басында аталмыш мәселе «Astana solar» ЖШС-інде өткен отырыста жан-жақты талқыланып, онда анықтауды қажет ететін сұрақтар белгіленді. Осыны айтқан Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Жоғарғы технологияларды дамыту» бағытының сараптамалық тобының төрағасы Илья Мещеряков осы отырыста сол мәселелерді шешетін уақыт келгенін жеткізді.
Virgin Energy Management (VEM) Development – Таза энергия жобалық тобының жетекшісі Роман Ковальскийдің айтуынша, Астанада ауаның ластануына автокөліктерден шыққан газ бен стационарлық көздер сынды екі фактор әсер етуде. Алғашқысының ауаны лас­тау деңгейі 57 пайызға жетіп отыр. Соның 13 пайызы қоғамдық көлікке тиесілі. Ал, қалғаны елордада жыл сайын 25 мыңға көбейетін жеке көліктің үлесінде. Сол көліктердің 70 пайызының қолдану мерзімі де 10 жылдан асып кеткен. Стационарлық көздердің де атмосфераны бүлдіру деңгейі аз емес – 43 пайыз. Сондай-ақ, елорда халқының жыл сайын 30 мың адамға артуы да ауаға кері әсерін тигізуде. Құрылыстың сапасыз жүргізілуі, мердігерлердің бұл жұмысты ұйымдастыру барысында жіберген қателіктері де көрсеткішті төмендетуде.
Р. Ковальский бұл мәселелердің шешу үшін энергия көзін 80 пайызға үнемдейтін, зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 95 пайызға азайтатын экогибрид қажет деп есептейді. Оның сөзінше, қалада электроавтобус пен электромобильдердің енгізілуі экологиялық мәселелердің шешілуіне оң ықпал етпек. Сондай-ақ, ол құрылысқа қойылатын талаптар мен нәтижелерді жақсарту үшін жаңа технологияларды зерттеуді, «Solar City» экожүйесімен қамтылған тұңғыш энерготиімді 460 үйден тұратын коттедж қалашығының жобасын ұсынды.
Жалғыз отандық фотоэлектрлік модульдерді (күн батареялары) өндіруші «Astana Solar» ЖШС басшысының кеңесшісі Анатолий Бондарь кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері туралы, жобаларды іске асыру барысында туындап отырған мәселелер және өндірісті дамыту жөнінде ақпарат берді.
«Зауыт қазіргі уақытта Астана және республиканың басқа аймақтарында жобаларды жүзеге асыра­тын серіктестерді іздестіруде. Қаланың үлкен ғима­рат­­та­­рында күн электростансаларын орнату бойынша дайындық жұмыстары қолға алынды. «ЕХРО 2017» көрмесіндегі Ұлттық павильон аумағында да біздің өнімді пайдалану жоспарлануда. Ол жерге қуаты 200 кВт күн электростансасы орнатылмақ» деді А.Бондарь.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button