Жаңалықтар

«Экспоға» – тұңғыш экспонат

Елордалық студенттер Астана «Экспо» көрмесінің мұражайына алғашқы экспонатты сыйға тартты.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетте «Қазақстанның топырақ картасы»  деп аталатын туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Айтулы шара «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне арналды.

Студенттер еліміздің  топырақ ерекшеліктерін қамти отырып, тәуелсіз еліміздің картасын өз қолдарымен жасаған. Топырақтан дайындалған тұғырнаманың  ұзындығы –161 метр.  Ені  – 91 метр. Студенттердің айтуынша, 161 санының мәні көрмені өткізу туралы сайлауға қатысқан елдердің санын білдіреді. Ал 91 саны ел тәуелсіздігін жария еткен жылдың символы.

«Қазақстанның топырақ картасы»  тұғырнамасында  бұдан өзге қолдан құрастырылған Алатау, Ұлытау, Жұмбақтас, Алтай таулары бар. Бұл қазақтың ұлы даналығы «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қағиданы білдіреді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button