Sport

Ел біріншілігі өтті

Қаладағы паралимпиадалық жаттығу орталығында пауэрлифтинг пен пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті. Біріншілік Мүгедектер күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

[smartslider3 slider=591]

Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері 2022 жылғы ұлттық құрамаға іріктелді. Олар халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды. Турнирге еліміздің 9 өңірінен 65 адам қатысты.
Қазақстан пара пауэрлифтингтен Токио-2021 Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Алтынды ел қоржынына Давид Дегтярев салды. Ал елордадағы жарыстың алғашқы күнінде Алина Солодухина өзінің салмағы 45 келі бола тұра, 81 келіні көтерді.
– Бәріміз Ұлттық паралимпиада комитетінің штаттық спортшыларымыз. Мұнда оқу-жаттығу жиындары, түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл – біздің жұмыс орнымыз, – деп атап өтті спортшы.
Жарыс қорытындысында 4 алтын, 5 күміс және 4 қола алып, 13 медаль иеленген елорданың пара пауэрлифтинг құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button