Елорда тынысы

Ел болашағын айқындайды

Конституциялық реформалар жөніндегі республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ­Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Нұрлан Бекназаров және Андрей Лукин Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

[smartslider3 slider=3045]

Халық тарихында өнер мен мәдениеттің айрықша орны бар екеніне тоқталған Нұрлан Бекназаров «Президенттің бастамасымен іске асырылып жатқан саяси реформалар аясында Конституцияға бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізілмек. Мақсат – елімізді жаңарту, демократия­ ландыру үдерісіне дем беріп, «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика» тұжырымдамаларын жүзеге асыруға негіз әзірлеу. Біз толық сеніммен айта аламыз, атқарылып жатқан шаруалар тікелей, түбегейлі түрде ел болашағын айқындайды. Әрине, референдуммен барлығы біте салмайды, алда тиісті заңдар мен Үкімет қаулыларына, Парламент шешімдеріне де өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі» деді.

Сенаторлар Владимир Волков, Қанатбек Сафинов және Андрей Лукин де конституциялық реформаның мән-мағынасын түсіндірді.

«Республикалық референдум неге дәл қазір керек деген сұраққа әлгінде сенаторлар жан-жақты түсініктеме жасады. Референдумның ең басты құндылығы – халыққа жақсы өмір сыйлау. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы шын мәнінде іске асса, халқымыздың әл-ауқаты біртіндеп, жүйелі түрде көтерілетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Қазақ ұлттық университеті ұжымы да референдумға атсалысу мақсатында, мамыр айының басынан бері студент жастармен, профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізіп, пікірталас, сұхбаттар ұйымдастырып келеді» деді филология ғылымдарының кандидаты, ҚазҰӨУ профессоры Айман Каудырова.

Ерлан МАЗАН

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button