Басты ақпарат

ЕЛ ЕНШІСІ ЕЛЕНСЕ ЕКЕН

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағ­дар­ламалық мақаласында ел дамуын жеделдету, қоғамды мәдени және экономикалық тұрғыдан ілгерілету, кәсіптік біліктілікті арттыру секілді кейін­ге қалдыруға болмайтын маңызды мәселелер күн тәртібіне қойғанын бәріміз білеміз. Аталмыш мақаладағы тапқан жастар саясаты жайын­дағы тармақтар алда­ғы жаңғыртылу процесі­нен­ осы буынның да қағыс қал­май­­тынын білдіреді.

Бұл мақаладағы тапсырмалар Үкі­­­­мет­­ке біраз жұмыстар жүктеді. Біз­­ со­ның іші­н­де жастарға қатысты де­ген тұстарын тәпсірлеп беруге ты­рысайық.
Елбасы әңгімені әріден – мектеп қабырғасындағы жастарға қатысты мәсе­­леден бастаған болатын. Ол, талай­­дан тағдыры біржақты болмай келе жатқан, 9 жыл ішінде, талай жастың мезгілсіз өмір жібі үзі­­луі­не де себепкер болған ұлттық бірың­ғай тестілеу төңірегінде еді. Халық арасында алыпқашпа әңгіме көп тараған тақырыптың бірегейі де осы болар. Былай қарасаң, бір елдің Президенті мемлекеттік дең­гей­де шешілуі тиіс мәселелердің қатарын­да қарауға тұрарлықтай жөні жоқ се­­кіл­ді көрінгенімен ҰБТ-ның адал өт­­­­кі­­зіл­уі ең маңызды іс екендігі ел­­­ге мәлім. Бұл мәселенің «ішкі кух­­ня­­сын» Елбасымыздың зерттеп­-зер­делеп қарағандығына сіздер де­ куә болыңыздар. Мақаланың «әлеу­меттік заңнамаларды жаңарту» бөлімі­нен алған дәйектемемізді ал­­да­­ры­ңызға тартайық.
«Жыл сайын БАҚ-тар лауазым­ды адамдар тарапынан да, сондай-ақ, ҰБТ-ға қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады. Оның үстіне мәселенің өткірлігі тек күшейе тү­­су­де.
Мұндай жағдайдың себептерінің бірі – тек министрлік белгілеген өткізу ережелері негізінде жүзе­­ге асырылатын ҰБТ процедура­лары­ның әлсіз құқықтық реттелуінде.
Сонымен бір мезгілде, ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия жұмысына кедергі жасағаны, тестілеу өткізуге оқушылардың ата-аналары, педаго­г­­­­тар, лауа­зы­м­­ды ада­м­­­­­­дардың ар­­а­­­­­­­­лас­­қа­ны, тестілеу ке­зін­де емтихан тапсы­ру­­шы­­лар­ға кө­м­ек­­тесу мақ­са­тында бай­ла­ныс құрал­­дарын пайда­лан­ғаны жә­­не т.б. үшін құқық­тық жа­уап­­кершілік туралы ереже­ жоқ. Ал мұн­дай факті­лер бар екені дау­­сыз! Демек, мұндай жағ­дайды шеші­м­­ді түрде түзету керек».
Ішкі заңымызды қадағалау ор­ган­­­­дары­­ның әлсіз­дігінен туындап­ отыр­­­ған жастарға қатыс­ты мә­се­­ле­­лер­­­дің тағы бі­рі­ тіптен кө­ке­й­­­­­ге қонымды. Қоғамда қалып­ты жағдайға айналған істің бі­рі «өндірістік тәжіри­беден өту» кезінде және жұ­мыс­қа орналасарда студенттер құқыларының сақталмауы. Бұл мәселені шешу міндеттеріне тоқтала келе Елбасы жағдай­ға былайша баға берді.
«Мәселен, Еңбек кодексінде жа­ңа қабылданған қызметкерлер үшін сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда, кейбір кезде ол ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі. Жоғары оқу орын­дарын бітірген жастар заң­да белгіленген мерзім ішінде «сынақ­тан өтушілер» есебінде ешбір ең­бек­ақысыз жұмыс істеп қана қой­май, сонымен бірге, оларды тіп­ті шамадан тыс жұмысқа салу жағ­дайлары да жиі кездесіп қалады.
Оның үстіне сынақ мерзімі аяқ­­талғаннан кейін 3-4 сынаққа алыну­шы­ның біреуі ғана штатқа кіргізіліп, қалған­дары шетке қағылады.
Әсіресе, мұндай берекесіз тірлік­ке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның ішінде ірі банк­тердің филиалдары көбірек ба­­ра­ды.
Бұл дегеніміз біздің жастарымызды қанау­дың бір түрі емес пе!
Бірақ мемлекеттік еңбек инспек­ция­лары еңбек заңдылығын осы­лай­ша айқын бұзудың бірде-бір оқи­­ға­сын аша алмай отыр».
Білімді студенттер білікті маман ретінде ел болашағын қалып­тас­ты­рады. Бірақ, мек­теп бітірген түлек­­тер­дің барлығы бірдей ма­ман­дық алмастан қо­ғам­­ға жұмыс күші ретінде арала­сып кете барады. Кешегі өткен «Жас­ Отан» жастар қанатының екін­ші құрылтайында осы мәселе төңі­регінде де сөз болды. Елбасы бұл мәселені шешу жолдарын нақтылады.
– Мен, Үкімет алдына орта мек­теп­ті бітірген әр қазақстандық маман­­дық алу мүмкіндігіне ие бо­лу туралы міндет жүктеймін. Экономикаға орта буынды техникалық жұмысшылар слесарьлар, электриктер, механиктер және басқа мамандық иелері қажет. Индустрияландыру, бизнестің жол картасы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысушы әрбір ірі кәсіпорын жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру жөнінде квота белгілеуі тиіс. Өзге маңызды бағыт — мамандарды даярлаудағы қосар жүйе. Менің тапсырмам бойынша, бұл үлгі қазірдің өзінде «Қазақмыс» кәсіпорындарында, Дон кен-байыту комбинатында, Павлодар электролиз зауытында енгізілді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры өз компанияларына қолдана бастады. Бүгінде 60-тан аса ел қосар жүйеде табысты жұмыс атқаруда.
Бұл — мектеп қабырғасынан жаңа шыққан жас түлектерді жарқын болашаққа бастар сара жол. Жаңғыр­тылым барысында жастар тарапына осындай жағдайлар жасалатыны мәлім. Ендігі кезекте Елбасы: «Бұл – ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселе» деп баға берген тағы бір проблеманы айта кеткеніміз жөн.
«Жаңа жұмыс орындары құрылу­да. Бірақ, біз жұмыссыздардың бар­­лы­ғы бірдей жұмыс істеуге ұмтыл­майтындығын да көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда «такси» қызметін атқаруды қа­лай­тын психология сақталып отыр».
Мемлекетке таусылмас донор емес, қол­тығыңнан демеп жіберетін әріп­­тес ретінде қарауға шақырған бұл­ үндеудің берер мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану енді ел еншісіндегі іс.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button