Басты ақпаратЖаңалықтар

Эльмира Сыздықова Рио Олимпиадасының қола жүлдесін ұтып алды

Әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен қазақстандық палуан Эльмира Сыздықова Рио Олимпиадасының қола жүлдесін ұтып алды.

dbe0e2bd0387630014f1ded4702b0bf2

24 жастағы Э.Сыздықова қола медаль үшін таласта 27 жастағы мысырлық Энас Мостафамен белдесті. Бірінші кезеңде қазақ қызы төрт ұпай, ал қарсыласы бір ғана ұпай жинады. Екінші кезең 3:3 есебімен аяқталды. Осылайша қорытынды есебі 7:4 болып, отандасымыз қола медальді қанжығасына байлады.

Осылайша Эльмира Сыздықова Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынына 12-ші медаль салды.

Фото: © Reuters

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button