#Жаңа Қазақстан

Ел өңірлеріндегі жүздесулер

Үгіт-насихат турында жүрген партиялықтардың халықпен кез­десулер кестесі күннен-күнге тығыз бола түсуде. Жақында рес­публикалықтар еліміздің екі өңірі – Қостанай мен Ақтөбеде бір мезгілде бірнеше іс-шара өткізді. Оған 800-ге жуық азамат қатысты.

Қостанайдағы кездесулер алдыңғы қатарлы бірқатар өндіріс орындарының еңбек ұжымымен өткізілсе, Ақтөбеде партия мүшелері мен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар өңірдегі жастармен, спортшылармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісінің депуттатығына кандидат Дамир Суентаев «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС ұжымына барды.

– Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Парламентке кіргенде әрқашан отандық тауар өндірушілердің және еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын боламыз. Өңірлерден келген азаматтарымызды қашанда үлгі етеміз. Қостанай жері ерекше, халқы да жігерлі, – деді Д.Суентаев.

Ол ұлттық компаниялар директорлар кеңесінің түрлі отырысына отандық машина жасау саласының заңгері және өкілі ретінде бірнеше рет қатысып, өндірістің қалай дамып жатқанын, басшылықтың өз қызметкерлеріне қалай қамқорлық жасайтынын және қандай технологияларды қолданатынын өз көзімен көріп жүр. Одан басқа да партия өкілдері өңірдегі сүт өндірісімен танысып, «Новый день» сауда белгісімен танылған «Милх» ЖШС серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті.

Сонымен қатар, Қостанай облысында партиялықтар көкпар тарту ойынына қатысты. Ойынды партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров ұйымдастырды. Ол – Қостанай облыстық көкпар федерациясының президенті. Осы жылдар ішінде ол ұлттық ат ойынының танымал үлгісін көрсетіп, оны насихаттауға қомақты қаржы бөлген. Сонымен қатар осы аптада партия өкілдері Орал халқымен кездесті. Жиын соңы қазақ эстрадасы әншілерінің концертімен жалғасты. Іс-шараға 2500-дей адам қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button