Жаңалықтар

ЕЛ ТАҒДЫРЫ – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ

Ассамблея

Астанада «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты XVI Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті. Ассамблеяның 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған мерекелік байқауға 19 ұлттық мәдени орталықтың өнер ұжымдары қатысты.

Елордада тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің ана ті­лінде еркін шығармашылықпен айналысуға жағдай жасауға, туған мәдениетке сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге, ең бастысы, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған фестивальда үміткерлер жеті жанр бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Дәстүр бойынша қалалық мәдени орталықтардың мү­шелері ән салып, ұлттық ас­пап­тарда ойнап, би биледі.

Қала тұрғындарына жақсы таныс «Стокротка», «Ладушка», «Станички» топта­ры жаңа бағдарламасымен та­ныстырды. Көркемсөз оқудан «Радима» беларусь мәдени орталығының өкілі Максим Колчанав, «Злата» болгар мәдени орталығынан Ольга Ан­дриевская, «Оберег» украин мәдени орталығының мүшесі Александр Бакалярик үздіктер қатарынан көрінді.

Қалалық «Возрождение» немістер қоғамының өкілі фестиваль жеңімпазы Конс­тантин Ермоленко әсерімен бөлісіп: «Мен бұл фестивальға төртінші рет қатысып отырмын. Фестиваль өте қызықты. Өнер жарысына елордалық этномәдени орталықтардың барлық өкілдері жиналады. Мен үшін Ассамблея – үлкен бір отбасы, бейбітшілік, татулық пен махаббат орнаған үлкен үй. Әрбір этномәдени орталықтың басқаларға өздерінің салт-дәстүрлерін көрсете алатыны өте қуанышты» деді.

Фестиваль қорытындысында барлық жеңімпаздар мен қаты­су­шыларға дипломдар мен ба­ғалы сыйлықтар тарту етілді.

 Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button