Қоғам

Ел тарихындағы елеулі оқиға

Tör Altai Nuclear Consulting консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі Аманжол Елемесов бүгінгі атом электр станциясын салу жөніндегі референдум туралы ойын білдіре отырып, азаматтардың бұл жобаға қатысуының маңызы жөнінде атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Бүгін референдум өтіп, Қазақстан азаматтары атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болып отыр. Әр дауыс және әрбір қазақстандық азаматтың бұл шараға қатысқаны маңызды. Себебі бұл ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі.

Референдумға қатысу азаматтарымыздың АЭС салу процесіне үңіліп, атсалысып жатқанын көрсетеді. Жоба индустрия және инфрақұрылым тұрғысынан ауқымды. Бастама жүзеге асса, электр энергиясы өндірісі айтарлықтай өсіп, базалық генерациясын қамтамасыз етіп, елімізге тұрақты, таза энергия көзін берер еді.

Егер референдум нәтижелері оң болса, құрылысты халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүзеге асыратынымыз анық. МАГАТЭ сияқты ұйымдар қажетті қолдау көрсетіп, ұсыныстар беріп, елімізге кеңес беріп отырады. Халықаралық тәжірибені, көмекті және осы жобаға тартылатын ішкі кадрлық әлеуетімізді ескере отырып, мен АЭС құрылысы сәтті жүзеге асырылады деп сенемін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button