Жаңалықтар

«Ел тірегі – Елбасы» шарасы басталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және жаңа жыл қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры елорда әкімдігінің қолдауымен игі дәстүрді жалғастырып, кезекті ауқымды «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық шарасын бастайды. Акция еліміздің барлық өңірінде 2 желтоқсанда басталды.

[smartslider3 slider=1187]

Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы бойынша 20000 отбасы кезекті рет азық-түлік жиынтығын – жалпы сомасы 520 млн теңгеге 1 млн кг-дан астам қажетті азық-түлік алады. Әр отбасына 50 кг салмақ жиынтығы беріледі: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы.

Акция аясында көмек ҚР ­Тәуелсіздік күніне дейін көрсетіледі. Азық-түлік себеттерін алушылардың мекенжайына жеткізуді өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімге сәйкес еріктілер қамтамасыз етеді.

«Халық» қайырымдылық қоры бизнес-қоғамдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігуге және «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button