Мәдениет

Ел төрінде – тұңғыш инклюзивті театр

Елімізде тұңғыш рет инклюзивті театр ашылды. Елордадағы Жастар театры жанынан құрылған «Қанаттылар» театры шымылдығын Г.Салықбайдың «Қанаттылар» музыкалық-поэтикалық қойылымымен түрді. Театрдың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Мәдениет және спорт министрі  Ақтоты Райымқұлова қатысты.

[smartslider3 slider=610]

– Нұр-Сұлтан қаласында  Жастар театрының жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театрының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын!
Еліміздегі тұңғыш инклюзивті театр – «Қанаттылар» музыкалық-поэтикалық қойылымымен шымылдығын түрді. Оның өзінде мән жатыр. Әкімдік тарапынан  ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға барлық жағдай жасалады.
Инклюзивті театр физиологиялық ерекшеліктері бар адамдардың талантын ашуға, қоғамда өз орнын табуға көмектеседі деп сенемін, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Инклюзивті театрдың мақсаты – физиологиялық ерекшеліктері бар адамдардың талантын ашу, оларды сахнада жұлдыздай жарқыратып, қоғам ұзақ уақыт бойы байқамаған мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына түрткі болу.
Пешенеге жазылған тағдыр адамзат баласына әу бастан-ақ әрқилы сый тартары белгілі. Дегенмен қамшының сабындай өмірді мәнді өткізу әркімге ортақ мұрат болмақ. Өзгеден ерек жандардың осынау алмағайып әлемде мейірім мен ізгіліктен жаралған қос қанаты бар. Сәуле ғұмырда сол ұлы сезімдер барда мәңгілік махаббат салтанат құрары сөзсіз… Спектакльде пластика, қозғалыс, музыка, ырғақ пен жарық өте шынайы орындалғаны сонша, әртістер сахнада ойнағаннан гөрі шынайы өмір сүрген сияқты әсер қалдырады. Қойылым режиссері – қазақ мәдениетінің қайраткері Нурфат Вахитов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button