Басты ақпаратЖаңалықтар

Ел жүрегі – Астана!

Биылғы Астана күні мерекесі ерекше салтанатпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аталып өтіледі.

ERM_9316
Астана қаласының әкімдігі айтулы мерекеге орай елорданың әрбір тұрғыны мен қонақтарын қызықтыра алатындай мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын дайындады. Мерекелік шаралар қаланың барлық ауданында, сондай-ақ, шеткі аймақтарда, барлық саябақтар, гүлзарлар мен алаңдарда ұйымдастырылатын болады.
Астана күні мерекесіне арнайы келушілердің қатары жыл сайып көбейіп келеді.
Биылғы мерекелік бағдарламаны «Сахнадан сәлем» театрлар фестивалі ашады. 20-26 маусым күндері сахна өнерінің көрермендері еліміздің аймақтарынан келетін театр ұжымдарының, сонымен қатар Ресей және Украина театрларының үздік қойылымдарын тамашалайтын болады. Мерекелік бағдарлама Жасыл сулы-желек бульварында өтетін «AstanaArtFest-2016» қазіргі заманғы өнер фестивалімен жалғасады. Оның аясында музыка және би фестивальдері, кітап және поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы, сондай-ақ, келушілердің көңіл-күйін көтеруге арналған басқа да қызықты шаралар ұйым­дастырылады.

new_DG_1_kz
Астаналықтар мен қала қонақтары жылда күтетін «Азия жаңғырығы» атты цирк өнері фестивалі де көрерменін күтетін болады. «Астана Арқау» түркі әуендері, сондай-ақ, индустриясының үздік өкілдерінің қатысуымен өтетін қазіргі заманғы музыка фестивальдері де мереке көрігін қыздыратын болады. Бұл шаралардың бәріне отандық өнерпаздармен қатар шетелдік әртістер де қатысады.
Астана күні мерекесі аясында отандық сән әлемінің үлгілерін насихаттау, жұртшылыққа көрсету мақсатында «ELLE» журналының еліміздегі сән саласындағы алғашқы сыйлығы табыс етіледі. Сондай-ақ, қазақстандықтар «Арқайым – күн қаласы» атты уақыт талабына сай жарақталған жаңа технологиялық 3D-шоуын тамашалай алады. Әрине, мерекелік көңіл-күйді «Астана Әзіл Fest» және «Көңілді Астана» әзілқой өнерпаздарының жұртты қыран-топан күлкіге қалдыратын шоу-бағдарламалары көтереді.
Биыл да думанды мереке аясында «Астана – мыңжылдықтар тоғысында» атты көшпенділердің өркениетті фестивалі де өз сән-салтанатымен жұртшылықты баурайды. Онда халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен мәдениеті және салт-дәстүрі бейнеленеді. Тұрғындар мен қонақтар этно ауылға тігілген ақбоз үйлерге емін-еркін кіре алады. Сонымен бірге алғаш рет «Қымызмұрындық» фестивалі өтеді.

Banner_01_new

«Серпер» халық аспаптар оркестрінің фестивалі ұйымдастырылады.
Халқымыз өнерден ешқашан кенде болмаған. Әсіресе, жұрт ұйып тыңдайтын «Бағаналы ордам, басты ордам» атты республикалық ақындар айтысын ерекше айтуға болады. Өмірден ерте озған көрнекті композитор Сейдолла Бәйте­рек­тің мерейтойлық шығар­машылық кеші жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде. Елдің ыстық ықыласына бө­ленген «Музарт» тобының концертіне келушілер де көп болмақ.
Әрине, айтулы мерекеде салауатты өмір салтын қалып­тастыратын спорттық шаралар да жетерлік. Тұр­ғындар мен жанкүйерлер халықаралық «жауынгерлік өнер» байқауын асыға күтіп жүргені анық. Сонымен бірге қалалық «дуатлон» тур­нирі өтеді. Сондай-ақ, ұлт­тық спорт түрлері – асық ату, қазақ күресі және кейінгі кезде атағы дүркіреген «Қа­зақстан барысы» балуандары күш сынасады.
Думанды шараға Қазақ­стандағы әр елдің елшіліктері де белсенді үлес қоспақ. Айта­лық, Америка Құрама штаты ел­шілігінің бастамасымен «Бей­бітшілік және келісім» сарайы мен «Бәйтерек» мо­ну­менті алдында өнер­паз­дар­дың қатысуымен «Broadway Bound» атты бродвей мюзиклі өтеді. Италия елшілігі «Астана самалы» деп аталатын үрлемелі оркестріне шақырды. Мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы мен ақпараттары www.astanaday.kz сайтында жарияланған.
Ал концерттерге билеттер қаладағы «Қазақстан» ор­талық концерт залы, «Mega Astana», «Керуен» сауда-ойын-сауық орталықтарының және «Конгресс-холл», «Жастар», «Бейбітшілік және келісім» сарайы және ҚазМедиа орталығы мен Министрліктер үйінің 11-кіре­берісіндегі кассалардан және www.koncertyastany.kz сайтынан сатып ала аласыз.
Мерекедегі концерттердің жазба көрсетілімі респуб­ликалық телеарналар арқылы беріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button