Жаңалықтар

ЕЛ ЖҮРЕГІ – АСТАНА

Ел жүрегіне айналған Астана бүгінде мереке қарсаңында. Қала жұрт­шы­лығы Астана күнін асыға күтетін болды.  Биыл  18 жылдығын атап өтетін елор­дамыз барша қазақтың, бүкіл Қазақ­станның бас қаласына айналып үлгерді.

new_DG_1_kz

Елбасы қазығын қаққан Астана бүгінде саяси, экономикалық, мәдени, рухани өмірдің орталығы болып қана қоймай, адамдарының саны күн санап арта түскен құтты мекенге айналды. Астана жастардың, жеткіншек балалардың қаласына айнала түскен. Бұл қалада жыл сайын қаншама балабақшалар мен мектептер пайдалануға беріліп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жастар мен білім іздеген студенттер де осында ағылуда.
Астанада өнеркәсіп индустриясы, көлік инфрақұрылымы, медицина кластері қарқынды дамып келеді. Ал шағын және орта бизнес үшін тіптен қолайлы жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер қатары көбейіп отыр. Елордамыз халықаралық өнер және спорт сайыстарын ұйымдастыру арқылы да төрткүл дүниеге танылды.
Түйіндеп айтқанда, ел жүрегіне баланған Астана болашаққа нық қадам басып келеді.
Астана күні – елордамыздың ерекше мерекесі. Олай болса, мереке аясындағы шараларға қатысып, бас қаламыздың берекесін еселеуге үлес қосыңыздар, ардақты астаналықтар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button