Жаңалықтар

Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді

Нұр-Сұлтан қалаcы­ның әкімдігі Президент сай­лауы күні тегін жол жүруді қамтамасыз етеді.

9 маусым Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады.
«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған. Аталмыш акция қаладан тыс аумақтағы маршруттарға қолданылмайды. Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button