Жаңалықтар

Елбасы Алмас белгісімен марапатталды

IMG_4918

Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапатталған Халықаралық инженерлік академиясының Алмас белгісінің тапсырылу рәсімі өтті.

Бұл құрметті награда Елбасына «Қазақстанның ин­женерлік академиясының дамуына және ТМД елдерінің ғылыми, инженерлік-техникалық қо­ғам­дастықтарының нығаюына елеулі үлес қосқан үшін» берілді.
Халықаралық инженерлік академиясының президенті Борис Гусев құрмет белгісін тапсыру үстінде Нұрсұлтан Назарбаевты Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте инженерлік ғылымды дамытудағы еңбегі зор деп мәлімдеді.
Академияның Алмас белгісі инженерлік қызметтегі қоғамдық құрметтеудің және кәсіби үздіктіктің ең жоғарғы белгісі болып табылады. Ереже бойынша ғалымдар, инженерлер, өндіріс саласының өкілдері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қызметтегі ерекше жетістіктері үшін аталмыш белгімен марапатталады.
Академияның наградасын Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Марат Тәжин қабылдап алды. Елшінің айтуынша, бұл марапат – Елбасының маңызды ғылыми және инженерлік жобалардың дамуына қосқан зор үлесінің нақты көрсеткіші.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button