ӘлеуметБасты ақпарат

Н. НАЗАРБАЕВ: Халқымыздың бірлігі мызғымайтын болсын

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Арена» стадионы алдындағы алаңда бой көтерген этноауылды аралап, барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

e5a00280e29c3212729fec23641877f8

– Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу науқанымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай ауызбіршілігін көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын. Біздің жасап жатқан ісіміздің бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағының игілігі болып қалады. Тәуелсіз еліміздің гүлденуінің арқасында елімізді болашаққа апаратын жол жарқын жетістіктерге толы болмақ, – деді Елбасы.

Наурыз мерекесі кезінде барша табиғат жаңарып, адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген. Мұқтаж жандарға көмектескен. Осы күндері ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу сынды игі істер жасалған. Осыны атап өткен Қазақстан Президенті: «Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін» деп сөзін түйіндеді.

«Астана Арена» стадионы маңына жиналған жұрт концертті тамашалап, спорттық жарыстарды тамашалады. Мереке барысында Тұсаукесер, Бесікке салу, Сырға салу, Қыз ұзату, Құда түсу сынды халқымыздың салт-дәстүрі көрсетіліп, «Тоғызқұмалақ» және басқа ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Аманғали Қалжанов

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button