Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ – ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ

111

Кеше Елбасы кітапханасының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйіне барды. Онда Балаларды қорғау күніне орай арнайы кездесу өткізіліп, тәрбиеленушілерге ерекше көңіл бөлінді.

Шараны «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мем­лекеттік мекемесінің «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық шақ» жобасына қолдау ретінде ұйым­дастырды. Партия мүшелері осы тектес іс-шаралар арқылы жетім балалар мәселелеріне жұртшылық назарын аударуды көздеп отыр.
Елбасы кітапханасы «Бар
жақ­сылық – балаларға» акциясы аясында балалар үйі тәрбие­лену­шілерімен алдағы уақытта да байланысты үзбеуге мүдделі. Мекеме тек материалдық көмек ұсынуды емес, олардың рухани-мәдени тәрбиесі мен дамуына ықпалдасуды жұмыс жоспарына енгізіпті.
Іс-шараның мән-маңызы туралы пікір білдірген «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының хатшысы Құралай Шайкенова былай деді: «Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының өзегі қоғамдық келісім, ізгілікке үндеу екені белгілі. Біз осынау қадамымызбен қоғамда рухани құндылықтар бағалана түсуіне үн қосқымыз келді».
Сондай-ақ, келушілер Балалар үйі­нің жай-күйімен таныс­ты. Тәрбие­ленушілермен ресми жүз­десуден бөлек пікірлесіп, әңгіме-дүкен құрды. Жалпы, уақыт өткен сайын балалар үйі тұрғындарының саны азайып келе жатқаны айтылды.
Кітапхана қызметкерлері балалар үйіне спорттық киімдер, спорттық ойындар қажеттіліктері мен Елбасы туралы кітаптар сыйға тартты.

Талғат САДЫҚҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button