Жаңалықтар

Елбасы көңіл айтты

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді» делінген жеделхатта.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button