Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАЙДАНГЕРЛЕР МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

491907801_1_

Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдерінде Ардагерлер жылы болып аталып өтілмек.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл еліміз бойынша Жаңа жыл қарсаңында, атап айтқанда, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан ара­лығында Ұлы Отан со­ғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жал­пыұлттық бірегей акция өткізу бастамасын жариялаған болатын. Осыған орай респуб­ликамызда тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы аты­нан жаңажылдық сый­лықтар тапсырды.

Сонымен қатар, Қа­зақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнаулы іс-шаралар жос­пары бекітілді. 2015 жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысының қатысуымен мерей­той­лық салтанатты әс­кери шеру өткізу жос­парлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button