Ел тынысы

«Елбасы медалімен» марапатталды

Елордада «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Түрлі салада ерекше көзге түскен 189 үздік жасқа күміс және қола медаль табыс етілді. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=1637]

«Елбасы медалі» бағдарламасы жеті бағыттан тұрады. Атап айтқанда, спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат. Қатысушылар 6 айдан 18 айға дейін өзі таңдаған сала бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

Жоба авторының айтуынша, аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» иегеріне басымдық беріледі.

 «Бүгінде жастардың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. «Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді қатысады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды» деді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Қазіргі уақытта «Елбасы медалі» бағдарламасына 20 000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде 83% – мектеп оқушылары, 11% – студенттер, 6% – жұмыс істейтін жастар, 24%-ы – ауылдық жерден келген қатысушылар.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button