Экономика

ЕЛБАСЫ МИНСКІГЕ БАРАДЫ

Кеше ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дәстүрлі брифингте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 24-25 қазанда Минскіге баратынын жеткізді. Онда Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Еуразиялық экономикалық кеңес­тің аясында Кедендік одақтың даму бола­шағы мен өзекті мәселелер талқы­ланып, бірқатар келісімдерге қол қойы­лады. Сонымен бірге ТМД мем­лекет басшылары кеңесінің отырысында 14 мәселе қарастырылады. Отырыстың қорытындысы бойынша құпия ақпараттарды қорғау бойынша, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге қол қойылмақ.
Мемлекет басшылары ТМД аумағында 2015 жылды Ұлы Отан соғы­сының ардагерлері жылы деп жариялауды және Жеңістің 70 жыл­дығын атап өту бойынша іс-шараларды бірлесіп қабылдауды көздеп отыр.
Сонымен бірге мұның алдында 24 қазан күні Минскіде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ТМД елдеріндегі әріптестерімен кеңес өткізеді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button