SportБасты ақпарат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Дмитрий Баландинді Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Д.Баландинді суға жүзу сайыстарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.
001

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді, деп хабарлайды akorda.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button