Басты ақпаратЖаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

3FDEB027-9BB3-42A8-8052-9A97A3DED662_mw1024_s_n

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткері С.Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтаса отырып, оның жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау ісіне С.Қайырбекованың зор үлес қосқанын атап өтті.

«Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы әрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дәрігерден бастап, денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тәжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін әлі көп нәрсе жасар еді», – делінген жеделхатта.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button