Жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпфункционалды «Талан Тауэр» және «Әбу-Даби Плаза» кешендерінің және «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңдарында болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. 

«Талан Тауэр» көп функ­ционалды кешені жобасына 157 орындық қонақүй, ауданы 8300 шаршы метр сауда галереясы және А сыныпты бизнес-орталық пен тұрғын жайлар кіреді. Нысан құрылысын 40-тан аса мердігерлік ұйым атқарып отыр. Мұнда Қазақстанда тұңғыш рет көптеген «жасыл» технологиялар – «жасыл» шатыр, энергияны үнемдейтін жеделсатылар, энер­гияны сақтаушы әйнектер, жаңбыр суын қайта пайдалану қондырғысы қолданылуда. Сондай-ақ, паркинг және электромобильдерге арналған зарядтаушы стансалар,
арнаулы орындар, велосипед­ші­лерге арналған киім шешетін және жуынатын бөлмелер болады.
Ал «Әбу-Даби Плаза» кешені – түрлі мақсаттағы блоктардан құ­ралған көп функционалды зәулім ғимарат. Атап айтқанда, оған кең­селер, қонақүй және тұрғын үй кешені кіреді. Құрылыстың жалпы ауданы – 500 мың шаршы метр.
«Жасыл квартал» кешені жобасы энергия сақтаудың жаңа технологияларына негізделген. 20 гектардан астам аумақта көп қабатты үйлер, кеңсе ғимараттары, паркинг, сондай-ақ, субтропикалық микроклиматы, экзотикалық дендросаябағы бар шағын көл, биокүмбезді мәдени және әлеу­меттік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған.
Мұнда суғарылмайтын ландшафт жүйесімен қатар «қалдық суды» коммерциялық ғимараттарда қайта пайдалану және қоқысты орталықтандырылған жинау жүйесі, «ақылды» автотұрақ жү­йесі, велосипедтерді қоюға ар­нал­ған орындар мен елдегі электрмен зарядтайтын алғашқы толы­қ­қанды станса қарастырылған.
Мемлекет басшысы нысандар құрылысшыларымен әңгімелесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жө­нінде толыққанды мәлімет алды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button