Жаңалықтар

Елбасы саммитке қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында өткен «АҚШ – Ислам әлемі» саммитіне қатысты. 

tramp-nazarbaev

Қазақстан Президенті саммит барысында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен кездесіп, қысқа келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Елбасы мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Кездесу кезінде екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы бай­ланыстарды тереңдете түсудің перспективасы әңгіме арқауы болды. Президенттер күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде де пікір алмасты.
Қазақстан Президенті сонымен қатар мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-министрі Назар Шарифпен ұшырасты. Ал Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен кездесуде өзара іс-қимылдың кейбір аспектілері талқыланды.
Соңында Елбасы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен жүздесті. Басқосуда мемлекетаралық екіжақты ынтымақтас­тықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту жайы сөз болды. Тараптар сондай-ақ өте өзекті халықаралық мәселелер жөнінде ой бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көптеген бағыттарда дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button