Жаңалықтар

Елбасы және мәдениет мерейі

Ұлттық музейде Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтті. Ашылу салтанатына қоғам және мемлекет қайраткерлері, шетелдік елшілер, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.Тұңғыш Президент күніне орайластырылған көрме көпұлтты Қазақстанды қалыптастырушы ретінде, халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениет­ті қайта жаңғыртудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық бейнесін баяндайды. Жинақта Елбасының сөйлеген сөздері, мәдениет саласы және мәдени саясат туралы мақалалары, заң шығару базасы жинақталған. Көрмеде Тұңғыш Президенттің мұражайынан алынған материалдар, сонымен қатар алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отырған Елбасының өз белгілері бар жеке мұрағатынан алынған материалдар – жалпы саны 200-ден астам туынды қойылды. Көрменің жұмысы келесі жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.
– Көрменің басты ерекшелігі – Елбасының 1991 жылдан бергі қызметіне қатысты және оның жеке жинағынан архивтік материалдар қойылған. Яғни Елбасының мемлекеттік саясаттағы барлық кезеңіне тарихи шолу деп айтуға болады. Мұнда қойылған құжаттардың 90 пайызы бұрын еш жерде көрсетілмеген, – деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button