Ел тынысы

Елде жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Эпидемиологтар халық арасында ішек инфекцияларының алдын алу қажеттігін еске салады. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының эпидемиологтары ішек инфекцияларымен ауыратындар санының өскенін тіркеді. Қазақстанда жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биыл 5 айда жалпы жіті ішек инфекциясының 4986 жағдайы (2023 жылы 4764 жағдай) тіркелсе, сонымен қатар сальмонеллездің 316 жағдайы (2023ж. – 405 жағдай), дизентерияның 79 (2023ж. – 84), ротавирустық энтериттің 765 (2023 ж. – 623) жағдайы орын алады.
Елімізде жіті ішек инфекциясы бойынша жүргізіліп жатқан санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың артқанын көрсетіп отыр. 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 24,87, бұл сырқаттанушылық көрсеткіші 2022 жылы  – 24,03 тіркелген. Сонымен бірге аурушаңдық ай сайын, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында артып келеді, сырқаттанушылық көрсеткіші – 67,07 (2023 жылы – 61,94), немесе 8,28%-ға жоғарылаған.
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – әртүрлі инфекциялық агенттер (бактериялар, шартты патогенді микрофлора, вирустар, қарапайымдылар) тудыратын қоздырғыштардың фекальді-ауыз механизмі арқылы берілуімен, қызба және ішек синдромымен, оның ішінде негізгі интоксикация, диарея, сусызданушылық белгілерімен көрінетін адамның жұқпалы ауруларының үлкен тобы. Жіті ішек инфекциясының инкубациялық кезеңі әдетте бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады.
Жіті ішек инфекциясымен ауру қаупі жылдың ыстық мезгілінде күрт арта түседі, аурулардың көпшілігі осы уақытта тіркеледі. Ішек инфекцияларының негізгі берілу жолдары:
1. Тамақ арқылы – ластанған тағамды жегенде.
2. Су арқылы – лас суды ішкенде немесе жұтқанда.
3. Тұрмыстық жанасу арқылы – инфекция көзімен тікелей байланыс жасағанда (науқастың күтімі, немесе тұрмыстық заттар – ыдыс-аяқ, жиһаз, құрал-сайман, төсек-жабдықтары арқылы).
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды ішек инфекцияларынан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау керек:
– су мен тағам өнімдерінің сапасына күмәнданатын болсаңыз, әсіресе белгіленбеген жерлерде қолдан сатылатын өнімдерді пайдаланбау;
– тек таза (бөтелкедегі) немесе қайнатылған суды ішу;
– көкөністер мен жемістерді таза ағынды сумен мұқият жуып, ыстық сумен шайып тастау керек;
– жеке бас гигиенасын сақтау – дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және т.б. қолды сабынмен жақсылап жуу;
– сүт (қапталмаған немесе бөтелкесіз) міндетті түрде қайнатылған болуы керек, ет, балық, құс және құс жұмыртқалары мұқият термиялық өңдеуден (қайнатылған немесе қуырылған) өтуі керек;
– тамақ пісіру кезінде тек жаңа өнімдерді пайдаланыңыз;
– тамақты тоңазытқышта сақтау кезінде тез бұзылатын өнімдердің тауарлық жақындығын қадағалаңыз және олардың жарамдылық мерзімін бақылаңыз;
– шикі және қайнатылған көкөністерді, ет пен балықты кесу үшін бөлек кесу тақталарын қолданыңыз;
– бомбажды және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен консервілерді сатып алмаңыз және пайдаланбаңыз.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде (іштің ауыруы, бірнеше рет қайталанған сұйық нәжіс, құсу, температураның көтерілуі) ең бастысы өзін-өзі емдеуге болмайды, оның орнына дәрігердің кеңесіне жүгініңіз. Өзін-өзі емдеу жағымсыз салдарға әкеледі: клиникалық белгілері біраз уақытқа жоғалады, денсаулық сәл жақсарады, бірақ инфекциялық агенттер денеде қалып көбейе береді. Ауру ауыр немесе созылмалы түрге ауысып және де науқас басқалар үшін аурудың тасымалдаушысы көзіне айналады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button