Саясат

Елді елең еткізген

СУ ТАСҚЫНЫНАН 1400 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Үндістанда толассыз жаңбыр маусымы басталғалы бері тасқын салдарынан 14 уезде 5 млн 411 мың адам зардап шегіп, қайтыс болғандар саны 1400-ден асты.

Табиғи апаттан бір ғана Керала штатының өзінде 488 адам мерт болған. Табиғи апат зардабын жоюға көмектесетін лагерьлердің орталықтары да суға лық толған. Су тасқынынан Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия штаттарына да айтарлықтай зақым келген. 57 мың гектар ауылшаруашылық дақылдары жойылып, 100 мың гектар егістік жарамсыз болып қалған.

БРАЗИЛИЯНЫҢ ТАРИХИ МҰРАЖАЙЫ ОТҚА ОРАНДЫ

Рио-де-Жанейрода орналасқан Бразилияның ең көне ғылыми орталықтарының бірі болған, 200 жылдық тарихы бар Ұлттық мұражайды өрт жалмаған.

Өрт сөндірушілердің әрекетіне қарамастан, тілсіз жау музейдің 20 млн экспонаттан тұратын топтамасын, сондай-ақ кітапхананың ауқымды бөлігін жо­йып жіберген. Жанып жатқан ғимаратқа суды жеткізу қиынға соққан. Оның үстіне, экспонаттарды сақтау үшін тез тұтанатын химикаттар пайдаланылып келген. Оқиғаның мән-жайы мен келген шығын кө­лемі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ел президенті Мишель Темер бұл барша бразия­лықтар үшін қайғылы оқиға екенін айтты. Рио-де-Жанейроның солтүстік бөлігіндегі Кинта-да-Боа-Виста сая­бағында орналасқан Ұлттық мұражайдың негізін 1818 жылы Португалия королі Жаун VI қалаған екен.

АЙН-ЗАРА ТҮРМЕСІНЕН  400 АДАМ ҚАШЫП КЕТТІ

Ливия астанасы Триполиде үкімет әскерлері мен қарулы жасақ арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде Айн-Зара түрмесінен 400 сотталушы қашып кеткен.

Айн-Зара түрмесінің А секторында қарудың бірнеше рет атылған дауысы естілгеннен кейін тұтқындар бас көтерген. Түрме қызметкерлерін қорқытып-
үркітіп, өздерін босатуды мәжбүр еткен. Қазіргі кезде қашқындарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, онда өткен дүйсенбіден бері үкімет әскерлері мен көрші Тарнуха қаласынан шыққан «Жетінші бригада» деп аталатын қарулы жасақ арасында қақтығыстар орын алуда. Қақтығыс салдарынан 41 адам қаза тауып, 123 адам жараланған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button