Саясат

Елді елең еткізген

Армения премьері қызметінен кетті

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берді. Armenpress басылымының хабарлауынша, ел президенті үкімет басшысының тілегін қабыл алды.

Премьер-министр осыған дейін отставкаға кету туралы ойын France 24-ке берген сұхбатында да айтқан болатын. Сұхбатта ол биыл 10 желтоқсанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін 15 қазанда отставкаға кететіні белгілі болған.
Никол Пашинян үкі­мет басшысы қызме­тіне 8 мамыр күні кіріскен болатын. Бұл қызметке ол Армения халқы көтеріліске шы­ғып, елде дүрбелең орнағаннан кейін барып келді.

Сахара гүлдене ме?

Ғалымдар Сахараны шұрайландыру жолын ойлап тапты. АҚШ, Қытай және Италия елдерінің ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысы Science басылымына жарияланды.

Зерттеушілер Сахараны толығымен, яғни 9 млн шаршы метр аумақты күн және жел электр стансасымен жабу туралы тоқтамға келді. Олардың пікірі бойынша, бұл жер бе­тіндегі адамзат пайдаланатын энергияның мөлшерін төрт есе көп шығаруға мүмкіндік береді. Мұның нәтижесінде аймақтағы жауын-шашын екі есеге артады.
Бұл іс-шаралар Сахараны көгалдандыруға септігін тигізеді. Осыған дейін климатологтар жаһандық жылынудың салдарынан Сахараның аумағы 10 пайызға артқанын айтып, дабыл қаққан еді.

Журналистің жұмбақ өлімі

Сауд Арабиясының журналисі Джамаль Хашукджидің Түркиядағы өлімі жұмбақ күйде қалып отыр. BBC мәліметіне сүйенер болсақ, журналисті Ыстанбұлдағы Сауд Арабиясының елшілігінде өлтірген.

Журналистке елшілік ғимаратында қол жұмсалғаны Apple Watch смарт сағатына түсіп қалған. Ғимаратқа кір­ген бойда оған тап бе­ріпті.
Алайда Сауд Арабия­сы бұл айыппен келіс­пей отыр. Олардың айтуынша, Джамаль Ха­шукджи ғимараттың екінші жағынан шық­қан, арнайы бейнебақылау орнатылмағаннан кейін камераға түспей қалыпты.
Джамаль Хашукджи – Сауд Арабиясының билігін жиі сынайтын оппозициялық журна­лист. Ол 2017 жылы АҚШ-қа қоныс аударған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button