Саясат

Елді елең еткізген

Ұлыбритания  Еуроодақтан шыға ма?

Ұлыбритания үкіметі Еуропа Одағынан шығу туралы келісімді қабылдады. BBC басылымының хабарлауынша, мұндай шешімді ел премьері Тереза Мэй министрлер кабинетінде өткен пікірталастан кейін мәлім етті.

«Министрлер кабинеті еуроодақтан шығу туралы келісімді қолдайды» деді Ұлыбританияның премьер-министрі. Ал Тереза Мэй­­дің бұл мәліметімен келіспеген бірнеше министр өз еркімен отставкаға кетті.
«Бұл – мемлекеттің алға қадам басуына септігін тигізер нық қадамдардың бірі. Мұндай лауазымды қызметтің өзіндік жауапкершілігі де жоғары. Менің көзқарасым мен шарттарым ең бірінші кезекте ұлт мәселесіне бағытталады» деді Тереза Мэй.

Сауд Арабиясына санкция салынды

Журналист Джамаль Хашукджидің жұмбақ өлімінен кейін АҚШ Сауд Арабиясына санкция салуды қолға алды. Reuters басылымының мәліметінше, ол қару-жарақ саласына қатысты болмақ.

Енді Америка тарапы қару сату ісін уақытша тоқтата тұрмақ. Сол сияқты қанды іске қатысы бар 17 адамға да арнайы жаза қолданылады. Олардың қатарында мұрагер ханзаданың кеңесшісі Сауд аль-Кахтани, оның кө­мекшісі Махер Мутреб, сондай-ақ Сауд Арабиясының Түркиядағы бас консулы бар.
Осыған дейін саудия­лық бас прокуратура Хашукджидің ісі бойынша 21 күдікті барын, оның 11-іне айып тағылғанын, ал 5 адамға өлім жазасы кесілуі мүмкін екенін хабарлаған.

Туристер үшін қауіпсіз ел

Террорлық шабуыл, табиғи апаттар секілді адам денсаулығына қауіпті мәселелер бойынша турис­тер үшін қауіпсіз елдердің тізімі жасалды.

Саяхатшылар үшін ең қауіпсіз елдердің арасында Исландия көш бастап тұр. International SOS ұйымының мәліметінше, бұл мемлекетте қылмыстың деңгейі өте төмен, соңғы 18 жылда 36 адам, яғни жылына орта есеппен екі адам ғана қылмыскерлердің қолынан қаза болған. Сол сияқты бұл тізімге БАӘ, Сингапур, Испания, Австралия, Канада және Жапония елдері енді.
Ал туристер үшін ең қауіпті елдердің арасына Оңтүстік Африка, Түркия, Таиланд, Үндістан және Мексика алда тұр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button