Саясат

Елді елең еткізген

Украинада президент сайлауы өтеді

 Украинада президент сайлауы өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы RBC басылымы хабарлады.

Жоғарғы Рада да басшысы Андрей Парубий мемлекет басшысын сайлау уақытын 2019 жылдың 31 наурызына өткізу туралы №9342 қарарына қол қойды.
Мұндай шешім ел парламентінде өткен дауыс беру нәтижесінде белгілі болған. Бұл құжатты
298 депутат қолдаған. Ал өз кезегінде президент Петр Порошенко украин халқына жолдауында елде әскери режим енгізілгеніне қарамастан мемлекет басшысын сайлау конституцияға сәйкес өтуі тиіс екенін мәлімдеді.

Марста тіршілік бар ма?

АҚШ-тың Ұлттық әуеде ұшу және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының InSight аппараты Марсқа қонды.

NASA-ның хабарлауынша аппарат Марс­қа қонған бойда бата­реялары ашылып, Күн сәулесінен қуат ала бастағаны туралы белгі берген. InSight 26 қа­раша күні Қызыл ғаламшардағы ал­ғаш­қы фотоларын жіберген. Ғалымдар жаңа фотолардан тозаңдардың бір бөлігін және Марс­тың көкжиегін көруге болатынын мә­лімдеді.
Аппараттың барлық жүйесі орнында, ақау­лары жоқ. Енді ол алдымен ғаламшардың топырағын суретке түсіреді. Көп ұзамай бұрғы арқылы 5 метр тереңдікке дейін қазуға кіріседі. Осы жылдың мамыр айында Калифорниядан ұшырылған InSight 458 млн км қа­шықтықты бағындыр­ған. Ол алдағы 2 жыл бойы планетаны зерттейтін болады.

Күніне 5 мың адам көшіп кетеді

БҰҰ-ның хабарлауынша әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға байланысты Венесуэла елінен күніне 5 мыңға жуық адам көшіп кетеді.

«Венесуэладан күніне 5 мыңға тарта адам кетіп жатыр. Бұл Латын Америкадағы ең үлкен көрсеткіш. Бүгінге дейін 2,6 млн адам кеткен» деп мәліметті БҰҰ хабарламасында. Венесуэлада тауар тапшылығы белең алып, экономикалық дағдарыстың орнағанына біраз уақыт болған. Халықаралық валюта қорының хабарлауынша осы жылдың соңына таман инфляция деңгейі миллион пайыз­ға жетуі мүмкін.
Қазір босқындар көршілес Перу, Эквадор елдеріне бассауғалап барып жатыр. Ал бір ғана Колумбияның өзін де 1 млн-ға жуық венесуэлалық барған көрінеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button