Саясат

Елді елең еткізген

«ПАРФЕНОН МӘРМӘРІ ҚАЙДА?»

Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас ұлыбританиялық әріптесі Тереза Мэймен кездесуінде осындай сұрақ қойды.

«Мен Британия премьерімен кездесуде Грекия және грек халқы үшін маңызды мәселе – XIX ғасырдың басында Британияның Конс­тан­тинопольдегі елшісі лорд Элгин заңсыз әкеткен Парфенон мәрмәр тасынан жасалған мүсінді қайтаруды талап еттім» деді ол.
Британия елшісі 1802-1812 жылдары Грекиядан көне грек өнерінің туындыларын өз еліне тасумен болған екен. Қазір Британия музе­йінде афиналық Парфенонның метопы мен мүсіндері, «Панафея процессиясы» рельефті фризі, Афинадағы Қанатсыз Ники храмы фризінің плиталары, Эрехтейон каритиадасының бірі, Дионис мүсіні сақтаулы тұр.

НАТО ОСАЛ ЖЕРІН МОЙЫНДАДЫ

Жақында НАТО өзінің әуедегі қару күштерінің басымдылығынан айырылады. Альянстың әуе әскери күштері осылай деді.

Ең негізгі қауіп қазіргі заманғы ӘҚҚ жүйесінен келетін түрі бар. «Біз әуе операциялары бойынша ондаған жылдар үстемдік құрған күшімізді жоғалта бас­тағанымызды жақсы түсінеміз» делінген ұйым­ның баспасөз парақшасында.
Солтүстік альянстың жаңа стратегиясында одақтастар әуе-қорғаныс күштерінің қазіргі және келешектегі жағ­дайлары таратылып айтылған. Ұйым сарап­шыларының ойынша, болашақтағы қауіп-қатер трансұлттық сипатта болып, бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен Еуро-­Атлантика аймағының тұрақтылығына ұзақ жылдар бойы залал келтіреді.
Құжатта альянстың кез келген қарсыласқа қарсы операция өткізуге мүмкіндігі болуы керектігі айтылған.

МЕКСИКА МИГРАНТТАРҒА МҮДДЕЛІ

Мексика сыртқы істер министрі Луис Видегарай мигранттарға қатысты саясатқа байланысты ұстаным жасалатынын айтты.

Министр мұны алда­ғы жұма күні Америка елдері ұйымына арнайы қарар түрінде ұсынатындарын жеткізді. Онда АҚШ-тың мигранттар отбасыларын бөліп тастау жөніндегі саясаты сынға алынады.
Бұдан бұрын Құрама Штаттардың шекараны заңсыз кесіп өткендерге қатысты қолданатын «нөлдік шыдамдылық» саясаты кем дегенде 2,3 мың баланың ата-­аналарынан ажырап қалғандарын, олардың әлі бөлек тұратындары айтылып, қоғамның біраз ашу-ызасын туғыз­ған еді. Ал 20 маусымда қоғамның қысымымен АҚШ президенті Дональд Трамп ұсталған кезінде мигранттарды балаларынан ажыратпау жөнінде жарлық шығарды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button