Қоғам

Елдігіміз арта берсін

– Біз, татар ұлтының өкілдері, қазақ жерінде бірнеше ғасырдан бері өмір сүріп келеміз. Қазақстан – біздің туған Отанымыз.

Елдегі барлық этнос өкілдерінің басын қосып отырған ҚХА біздің әрқайсымыздың ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпай, өзара толеранттылықты да сақтай отырып, бір-бірімізге деген сыйластық пен құрметіміздің сақталуы жолында көптеген жұмыстар атқаруда. Ассамблея қолдауының арқасында біздің «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы да 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта туған тілін үйренгісі келетіндерге арналған мектеп бар, «Жастар қанаты» ұйымының да жұмысы жақсы жолға қойылған. Ардагер қарттарымыздың, кішкентай балаларымыздың, талантты жастарымыздың басын қосып, өнерін көрсетуге мүмкіндік беретін бірнеше ансамбль ашылған. Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрін, мемлекеттік тілді қадірлей отыра, біз қазақ халқына деген сүйіспеншілігіміздің зор екенін мақтанышпен жеткіземіз. Ел егемендігі жарияланған Республика күнінің баршамыз үшін маңызы зор. Ресми маңызды мейрамда барша қазақстандықтарға бақ пен береке, елімізге тыныштық пен табысты даму жолын тілеймін! Елдігіміз артып, ертеңіміз жарқын болсын!

Райля Даутова,

«Таң» татар-башқұрт ­мәдени орталығының әдіскері, ҚХА мүшесі:

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button