Тәуелсіздікке 30 жыл

Елдік мұратымызға жеттік

Міне, Тәуелсіздік алып, Туымызды тігіп, ел болғанымызға – 30 жыл. Бұл – ұлы той. Бұл – ұлттың бақыты.

[smartslider3 slider=1483]

Осы ұлы күнді ата-бабаларымыз, кешегі Алаштың арыстары – ұлтын сүйген ұлдар қаншама ғасыр күтті. Осы жолда қаншама қан төгілді. Қаншама тер төгілді. Бүгін міне, Нұр-Сұлтан қаласының төрінен бүкіл қазақ халқына, барлық қазақстандықтарға сәлем жолдап, осы ұлық мерекемен құттықтаймын!

Келесі жылы елорданың Арқа төсіне көшкеніне 25 жыл толады. Бұл екі тойды бөліп-жаруға болмайды. Сондықтан ақ қар, көк мұзда осыдан 25 жыл бұрын астана көшіп келді. Оның алдында қиын кездерге қарамастан, біздің Тәуелсіздігіміздің туы тігілді. Елбасы бастаған, ел тізгінін ұстап отырған азаматтар қалың ел болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, осы Тәуелсіздікті баянды ету үшін қаншама тер төкті. Қазақ елі әлемге танылды. Іргесі бекіді. Астанасын ауыстырып, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы Арқаның төсінде алқа таққандай мына жердің беті жарқырап тұр. Бұл – біздің ортақ қуанышымыз. Елдік мұратымызға жеткендігіміздің белгісі. Отыз жыл бекер кеткен жоқ. Көп жетістіктерге жеттік. Осы қуанышпен, осы жеңіспен қалың елді құттықтағым келеді!

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

ақын, ҚР Мемлекеттік

сыйлығының иегері

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button